Эдмундс колледжі университетке өтуге арналған екі жылдық оқу бағдарламаларын, ағылшын тілін екінші тіл ретінде (ESL) үйрену курстарын, кәсіби білім жөнінде сертификаттарды және Вашингтон мемлекеттік жоғары мектебінің дипломын ұсынады. Саябақ сияқты колледжіміздің кампусы инновациялық және шулы Сиэтл қаласынан солтүстікке қарай 30 минуттық қашықтықта, қауіпсіз тұрғын үй аймағында орналасқан. Эдмондс колледжі репетиторлық, кеңес беру, мансап таңдаудағы мүмкіндіктерді зерттеу сияқты тегін толық қолдау қызметтерін көрсетеді. Колледж мұғалімдерінің бастапқы міндеті студенттерге Америка Құрама Штаттарында сәттілікке жетуге көмектесу болып табылады. Boeing және Microsoft офистеріне жақын орналасқандықтан, Эдмондс колледжі ғылым, технология, инженерия және математика салаларындағы мамандықтардың өсімін мойындайды және 2020 жылы SET Building деп аталатын жаңа корпусты ашу арқылы жоғары сапалы білім берудің стандартын ұстанады.

Университетке өтуге арналған білім деңгейін алған соң, таңдауыңыз бойынша университетке өте аласыз. Біздің колледжіміздің түлектері Вашингтонда және Америка Құрама Штаттарында, сондай-ақ шетелде белгілі университеттерге өтті.

Білім алу бағдарламалары

Біздің арнайы екі жылдық дайындық деңгейімізді (Associate Degree) алған соң, жоғары оқу орындарының төрт жылдық бакалавр дәрижесінің үшінші курсына өтуге мүмкіндік беріледі. «2+2» бағдарламасын таңдау арқылы қаражатыңыз үнемделеді, сонымен қатар студенттерге жоғары сапалы қолдау қызметтері көрсетіледі де, академиялық қолдау және колледждегі сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. Әрқайсысына жеке көңіл бөлінетіндей сыныптың бір мұғалімге шаққандағы студент саны 20-дан аспайды. Сонымен қатар студенттер мұғалімдерден жұмыс уақытындағы бос кезінде сыныптан тыс қолдау көре алады.

Эдмондс аймақтық колледжі студенттерді кез келген мамандыққа оқытады. Төменде колледж деңгейлерінің кейбір мысалдары көрсетілген:

Өнер саласындағы қауымдастырылған дәреже: бухгалтерлік есеп, бизнес, антропология, өнер, коммуникация, білім беру, ағылшын тілі, халықаралық зерттеулер, журналистика, музыка, саясаттану, психология, театр өнері, визуалды коммуникация/мультимедиа және т. б.

Ғылым саласындағы қауымдастырылған дәреже: астрономия, биология, химия, компьютерлік ғылымдар, техника, қоршаған орта жайлы ғылым, математика, медицина негіздері, медбикелік негіздер, тамақтану және т. б.

КӘСІБИ ДЕҢГЕЙЛЕР ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАР

Эдмондс колледжі студенттерді белгілі бір жұмысқа дайындау немесе қазіргі уақытта бар дағдыларын жақсартуға арналған бағдарламалар ұсынады. Студенттер екі жылдық білім алу бағдарламасын немесе алты айлық не тоғыз айлық білім алу сертификатын ала алады. Осы бағдарламаларды бітірген студенттер Америка Құрама Штаттарында жұмыс істеу құқығына ие болады.

ОРТА МЕКТЕПТЕН УНИВЕРСИТЕТКЕ БІРДЕН ӨТУ

Егер сіз орта мектеп пен колледждегі сабаққа бір уақытта барғыңыз келсе, бұл бағдарлама сізге арналған. 16 жастағы және одан ересек студенттер осы дербес бағдарламаға қатыса алады. Студенттер АҚШ-тың жоғары мектеп дипломын алады және төрт жылдық университетке ауысатын колледждің бір жылдық кредитіне ие бола алады. Өз мемлекетіңізде жиналған көптеген кредиттер осы бағдарламада қолданылады.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ҚАРҚЫНДЫ ҮЙРЕНУ

IESL бағдарламасы оқу, жазу, сөйлеу мәнері/тыңдалымға және грамматикаға оқытудың 5 деңгейінен тұрады. Әр деңгейде аптасына 20 сағат бойы ағылшын тілі оқытылады. Біздің IESL бағдарламасын оқытатын мұғалімдер TOEFL-ға дайындық, ағылшын тілін кинофильмдер арқылы үйрену сияқты мамандандырылған сабақтар беріп, студенттерді тағылымдамадан өту немесе қоғамдық жұмыстарға қатысуға (волонтерлік) оқыту мүмкіндігін беру арқылы табысқа бағыттайды. IESL 5 деңгейінде «Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі» бағдарламасы аясында, студенттер TOEFL-ға бармай-ақ колледж сабақтарына да кіре алады.

 

Эдмондс колледжін неге таңдау керек?

ЖАТАҚХАНАДА НЕМЕСЕ ОТБАСЫДА ТҰРУ

Rainier Place деп аталатын біздің жатақханамызда студенттер арасында тұра аласыз. Біздің жатақхана кампуста сыныптан бар болғаны 3 минуттық жерде орналасқан. Жатақхана жиһаздалған блоктардан тұрады. Әрбір қабатта демалуға арналған жалпы кеңістік бар. Бірінші қабатта ойындарға арналған бөлме орналасқан. Сонымен қатар Интернетке кіру мүмкіндігі және жаңа келген студенттерді қолдау қызметі ұсынылады. Студенттер отбасымен тұру бағдарламасына қатысып, 400-ден астам америкалық отбасымен бірге тұра алады. Біздің жатақхана мен отбасыда тұру бағдарламаларын Эдмондс колледжінің баспана кеңсесі басқарады. Эдмондс колледжі 2020 жылдың күзінде Triton Court жаңа жатақханасын ашылуымен біздің студенттерге студенттер қалашығында қауіпсіз баспана беруді жалғастырады.

СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР

Университеттер кампус жұмысына қатысатын жан-жақты студенттерді іздеуде. Эдмондс колледжінде 30-дан астам клуб, оның ішінде Бухгалтерлік клуб, Инженерлік клуб бар, сондай-ақ Вьетнам студенттік қауымдастығы, Индо-клуб сияқты клубтар түрлі елдерден келген студенттерді біріктіреді. Студенттерді қатыстыру және басқару орталығы (CCL) кампус қызметтерін жоспарлау, студенттерді басқару және қоғамдық жұмыстарға қатысуға (волонтерлік) оқыту арқылы студенттерді кампустағы жұмыстармен қамтамасыз етеді. Біздің Эдмондс колледжінің спорт командалары, соның ішінде бейсбол, баскетбол, футбол, софтбол және волейбол командалары, чемпионаттардың жеңімпаздары болып табылады. Студенттер спорт алаңына, баскетбол алаңына және демалу үшін жаттығу залына бара алады.

ШӘКІРТАҚЫ

Эдмондс колледжі шетелдік студенттер Америка Құрама Штаттарында білім алу кезінде қаржылық міндеттемелерін өз мойындарына алатынын түсінеді. Эдмондс колледжі жаңа шетелдік студенттерге де, бұрын қабылданған студенттерге де стипендиялар ұсынады. Біз жыл сайын шетелдік студенттерге стипендия түрінде 60 000-нан астам доллар береміз.